• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Президент 08 Маусым, 2017

Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

112 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады akorda.kz.

Мемлекет басшысы Тегеран қаласындағы ел парламентінің ғимараты мен имам Хомейни кесенесі аумағындағы террорлық актілер салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   

«Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған халықаралық терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрін қатаң айыптаймыз.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін», – делінген жеделхатта.