Уильям Шекспирмен арамызды 4 ғасырға жуық уақыт бөліп тұрса да, оның пьесалары бүгінгі күннің проблемаларын, бүгінгі күннің тынысын беретіндей. Ғасыр көшінде тот баспайтын алтын дүние. Жастар арасындағы шынайы сезім мен қастандықты, жауыздықты көтеретін осы классикалық шығарманы Қостанай театры режиссер Ержан Қалановтың қоюымен көрерменге ұсынды.
ХVІ ғасырдағы ағылшын әулеттеріндегі әшекейлі бай киім бірден сахнаның әрін келтіріп, көрерменін оқиға желісі соңынан ынтықтыра түседі. Әлемдік классиканы қай елдің театры да бір қоймай көңілі көншімеген болар. Әр режиссер шығармаға өз ойын, өз шешімін қосып отырады, ал Ержан Қауланов шығарманы барынша түпнұсқаға жақын алып шығуды ойлапты.
Ромеоның бейнесін жас актер Төленді Әлқожа, Джульеттаны жас актриса Диана Тұрсынова сомдады. Спектакльде Асылан Кенжетаев ойнаған Тибальт, Ажар Шәкіржанова бейнелеген леди Монтекки, Қонысбек Бегайдар алып шыққан прәдар образдары көрерменін сендіре білді.
Қойылымның сахнаны, киімді безендіруі де оқиға желісін толықтыра түсіпті.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»