• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Ақтөбеде имамдар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды

63 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының Алға қаласындағы мешіт имамдары мен жамағаттары «Қасиетті Рамазанда – тегін нан» қағидатын ұстанып отыр.

Осыған орай олар дүкен сөрелеріндегі нанды өз араларынан ақша жинап, көтеріп сатып алу тәртібін орнықтырды. Бұл қайырымдылық ісіне дүкен иелері де қолдау білдіруде. Тегін нан бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасылар мен зейнеткерлерге беріледі.

Сонымен бірге, қала тұрғындары ораза кезінде тегін такси қызметін де пайдалана бастады. Бұған бастамашы болғандар да мешіт жамағаттары. Олар өз көліктерімен такси қызметіне шұғыл зәру болып қалған тұрғындарды қалаған жеріне сауап үшін тегін апарып тастап жүр. Қос қайырымды іс рамазан айы аяқталғанша жалғаса береді

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»