• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Салтанатты ашылу рәсімі өтетін сәт жақын қалды

157 рет
көрсетілді

Бірер сағаттан кейін, шамамен кешкі сағат 20:00-де EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ресми ашылу салтанаты басталады.

Салтанатты шара «Қазақстан» телеарнасында, Амфитеатр мен Конгресс-орталықта орналасқан экрандардан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрменің ашылу рәсімінің алдында түрлі мемлекеттер басшылары «Нұр-Әлем» павильонына келуге тиіс.

Президенттер қазақстандық павильонды аралап, экспозицияларын тамашалайды. 20:00-де президенттер Конгресс-орталыққа келгеннен кейін кері санау рәсімі өтіп, салтанатты көрме ашылды деп жарияланады. «Нұр-Әлем» павильонында лазерлік шоу мен дрондар биі басталады. Халықаралық көрменің ашылу салтанатына арналған шаралар түн ортасынан ауа аяқталады.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Суретке түсірген

Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»