Дәл қазіргі уақытта Президенттер мен Үкімет басшыларының кортеждері кешен аумағына келді. Әлем елдері күткен шараға 17 мемлекеттің басшылары мен үкіметбасылары қатысатындығы жөнінде мәлімет таратқанбыз. Олардың қатарында ШЫҰ Астана саммитіне келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф бар. Сонымен қатар, Испания королі Филипп VI, Сербия Президенті Александр Вучич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель көрменің ресми ашылуына мәртебелі қонақ ретінде келді.
Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, көрме өтетін үш айда Астанаға 2,4 миллион адам келеді. Олардың 15 пайызы – шетелдік туристер.
Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»