EXPO-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Н.Назарбаев:
EXPO – ғылыми жаңалық қана емес, барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір. Осыдан 166 жыл бұрын өткен тұңғыш көрмеден бері бұл шара ұдайы жаңа идеялар бесігі болып келе жатыр. Атап айтқанда, алғашқы телефон, аткөлік, компьютер, жер серігі мен атом электр стансасы секілді жаңалықтардың барлығының тұсауы осындай ЭКСПО-ларда кесілген болатын. Сол игі үрдісті жалғастырған Астана әлемдік инновациялар орталығының бірі ретінде танылады деп сенемін, – деді.
Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесінің бүгінгі ресми ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы мен арнайы өкілдері келді. Елбасы сөз сөйлеп, халықаралық көрмені ашық деп жариялады. Көрмеге әлемнің 100-ден астам елі қатысуда. Оның сыртында 20-дан астам халықаралық ұйым бұл көрмеден өз орнын белгіледі. 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеге 2,5 млн көрермен келеді деп болжануда.
Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан"
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ, "Егемен Қазақстан"