Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттардың бірі тобы Мамлют ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.
Халық қалаулылары алдында аймақтың бұрынғы басшысы Ерік Сұлтанов өз бағдарламасы жайлы жан-жақты баяндап берді. Ерік Хамзаұлының мемлекеттік органдардың басқару саласындағы тәжірибесі мол. Өңірге жетекшілік еткен үш жылдың бедерінде көптеген жұмыстар атқарылған.
Үміткерлер «Солтүстік» әлеуметтік-өндірістік компанияның директоры Есжан Оразалин, облыстық жер инспекциясы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаева да сайлауалды бағдарламаларымен бөлісті.
Сайлаушылар жол жөндеу, тұрғын үй, мектеп, балабақша салу, шағын елді мекендер мәселелеріне қатысты проблемаларды ортаға салды. Ірі агроқұрылымның директоры Еркебұлан Мәмбетов мемлекет тарапынан жеңілдетілген субсидия жайы жолға қойылғанымен, қысқа мерзімге ғана берілетінін, бұлай қаржыландыру ауылшаруашылық саласы үшін тиімсіз екенін жеткізді.
Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттар толғақты мәселелелер бақылауға алынатынына сендірді.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»