• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2017

Астанада ескекшілер мен каноистер Есіл өзенінде көрнекі өнер көрсетті

284 рет
көрсетілді

Астана қаласының №4 олимпиадалық резервтегі балалалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің спортшылары аз қамтылған отбасылардың және жетім балаларға байдарка және каноэ мен академиялық ескек есуден көрнекі өнер көрсетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараны ескек есу спорт түрлері бойынша «Қайық» федерациясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты – балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу және ескек есу спорт түрлеріне қызығушылығын ояту. Шара шымылдығын №4 олимпиадалық резервтегі балалалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің директоры Қали Саит Мейрамұлы ашты.

Салтанатты бөлімнен кейін байдарка мен каноэда, академиялық ескек есу жаттықтырушылары балаларға қайықпен жарыс және жаттығу түрінде өнер көрсетіп, бұл спорттың ерекшеліктерін айтып берді. Одан кейін спортшылар шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ балаларға спорт кешені ішінде экскурсия ұйымдастырылды.

Жаттығу залында жас қонақтар спортшылардың арнайы жаттығу құралдарын тамашалады. Тіпті, балалар академиялық ескек есу спортшыларына арналған кәдімгі ортаға лайықталған ескек есу ваннасында өздері жұмыс істеп көрді.

Шара аяқталған соң «Қайық» федерациясыныңвице-президенті Жасұлан Тайтенов пен байдарка мен каноэ бойынша ескек есуден мемлекеттік жаттықтырушы Қайсар Нұрмағамбетовтың атынан балаларға естелік сый-сияпат берілді.