• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Маусым, 2017

Түркияда ірі жер сілкінісі болды

326 рет
көрсетілді

Түркияның батыс жағалауындағы Эгей теңізі мен ондағы Лесбос аралында ірі зілзала болды, деп хабарлайды BBC.

Басылымның хабарлауынша, жер сілкінісін Ыстанбұл мен Афин қалаларының тұрғындары да сезген.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 6,3 магнитудалық жер сілкінісінің эпицентрі Лесбос аралының оңтүстігіндегі Грекияның Пломари қаласынан түстікке қарай 5 шақырым жер.  

Пломари әкімінің айтуынша, қала орталығында бірқатар ғимараттар бүлінген. Табиғи апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.

Грекия мен Түркия арасындағы геологиялық ерекшеліктерге сай, бұл аймақтарда жер сілкінісі сирек құбылыс емес.