• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Президент 13 Маусым, 2017

Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

205 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады akorda.kz.

Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа биылғы 8-9 маусымда Астанаға келген өзбек делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.