• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Маусым, 2017

Дайын жүргізуші куәлігін кез келген ХҚКО-да алуға болады

324 рет
көрсетілді

Алматы қаласы тұрғындары Мамандандырылған ХҚКО-да дайын жүргізуші куәлігін алуды күтпесе де болады.

Бүгіннен бастап енгізілген  пилоттық жоба бойынша, азаматтар дайын жүргізуші куәлігін өзіне қолайлы кез-келген ХҚКО-дан алуына болады. Бұл үшін азамат өтінім толтырған кезде өзіне алуға ыңғайлы ХҚКО бөлімінің мекенжайын көрсетуі тиіс. Бұл жүргізуші куәлігі дайын болғанша күте алмайтын, уақыты тығыз жандарға қолайлы және мамандандырылған ХҚКО-дағы кезектің азаюына себеп болады.

Дайын жүргізуші куәлігін келесі күні өзі көрсеткен мекенжайдағы ХҚКО-дан өзіндегі қолхат арқылы ала алады.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙЛЫ, «Егемен Қазақстан»