Статистика мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың бес айында ЖІӨ бойынша оң қарқын байқалды, соның ішінде, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ды құрады. Алты маңызды саланың даму қарқынынан тұратын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,8%-ға өсті.
Өнеркәсіпте оң қарқын байқалды – 7,8%, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан өзге барлық өңірлерде өнеркәсіп өндірісінің деңгейі бойынша өсім байқалған. Құрылыста, сауда мен көлік саласында да оң қарқын белгіленген. Инфляция 7,5% деңгейінде сақталды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың басшыларына және өңірлердің әкімдеріне биылғы жылдың нәтижелері бойынша экономикадағы жоспарланған индикаторларға қол жеткізудің кешендік жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.