• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Маусым, 2017

Қытайдың Синцзянь-Ұйғыр автономды аймағымен алыс-беріс артады

163 рет
көрсетілді

Биыл 7-8 маусым күндері Алматы қаласында 2017 жылдың 18 сәуірдегі (Астана қ.) Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің сегізінші отырысындағы хаттамалық шешімді жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы мен Қытай Халық Республикасының Синцзянь-Ұйғыр Автономды аймағынан келген автокөлік саласының делегациясы арасында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері бойынша кезекті келіссөздер болды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Онда тараптар екі ел арасындағы жолаушыларды және автомобильмен жүк тасымалдаудың жағдайлары жөнінде ақпарат алмасты. 2016 жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда биылғы жылдың 4 айында жүк тасымалының көлемі 36%-ға өскенін атап өтті.

Тараптар ҚР-ның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының және ҚХР Синцзянь-Ұйғыр Автономды аймағының елді-мекендері арасында жүк тасымалдау үшін екі жақтың тасымалдаушыларына мүмкіндік беретін тоғыз бағытты анықтап, келісті.

Тараптар 2017-2018 жылдары жолаушыларды және автомобильмен жүк тасымалдау үшін рұқсат бланкілерімен квота алмасуға келісті. Сонымен қатар, «Астана - Үрімші» және «Шымкент - Үрімші» бағыттары бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сынақ ретінде жолаушылар автобусының рейстерін іске қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.