• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2017

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебін алғашқы түлектер бітіріп шықты

197 рет
көрсетілді

Биыл еңселі оқу ордасын 78 оқушы аяқтап, мектеппен қимай қоштасты.

Олардың жетеуі «Алтын белгіге», біреуі ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.  Ал 15 оқушы жоғары оқу орындарына грант ұтып алды.

«Үкіметтің шешімі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері емтихан тапсырмайды. Бірақ біздің сыртқы жиынтық бағалауымыз A-level әлемдегі емтиханның дәрежесімен бірдей. Бәрі де сыннан сүрінбей өтіп, жақсы нәтиже көрсетті», дейді химия-биология бағытындағы білім ошағының директоры Нұрғали Елшібеков.

Кәмилә  Әлімбаеваның жүзінен ерекше толқыныс білінеді. Ол Гонконгте  туризм және қонақүй менеджменті мамандығы бойынша оқитынына аса қуанышты. Алмаз Жамбыров Венгрияда оқитын болып шешкен. Арманы – инженер-құрылысшы болу.

Қолдарына аттестат алған алғашқы түлектерге  арнап концерттік  бағдарлама ұсынылды. Флеш-моб ұйымдастырылды.

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»