Қ. Тоқаев біздің мемлекеттеріміздің арасына дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылдан бері жоғары деңгейдегі сенімді диалог қалыптасқанын, парламенттер, үкіметтер және іскерлер қауымдары арасындағы байланыстар дамып келе жатқанын атап өтті.
Сенат Төрағасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Грузияға алғыс айтты және осы елдің ұлттық павильонының жұмысы табысты болуына тілектестігін білдірді.
Қ. Тоқаев грузин басшысына арнаған сөзінде парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға назар аударды және екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтарының әлеуетін үдете түсуге шақырды.
Әңгіме барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылды. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағытындағы бірінші ел бола отырып, Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан біз үшін іс жүзінде транзит-көлік саласындағы ынтымақтастық маңызды», - деді жоғарғы Палатаның басшысы.
Қ. Тоқаев Қазақстан Грузияның кейінгі жылдардағы дамуына жіті көз жіберіп отырғанын атап өтті. Сенат Төрағасы осы елдің демократиялық институттарды жетілдірудегі, азаматтардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудегі, күрделі сыртқы саяси міндеттерді шешудегі атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.
Г. Маргвелашвили өз кезегінде Қазақстанмен қатынастарды дәстүрлі достық сипатында екенін айта келіп, біздің мемлекеттеріміз арасында ауқымды мәселелер бойынша өзара түсіністік қалыптасқанын атап өтті. Грузия Президенті екіжақты байланыстардың негізгі мәселелерінің бірі болып табылатын парламентаралық диалогты кеңейту қажеттігін қолдады.