• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 14 Маусым, 2017

Адамзатты толғандырған тақырып

197 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 аясында БҰҰ күнінің өзегіне айналды

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында әлемнің 115 мемлекеті мен 22 беделді халықаралық ұйымының жалауы желбіреп тұр. Осы айтулы халықаралық ұйымның ішіндегі бірі де бірегейі Біріккен Ұлттар Ұйымы екендігі даусыз. Кеше жаһандық  көрме бағдарламасы аясында БҰҰ күні салтанатты жағдайда ашылды.  «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңында әлемнің 115 мемлекеті мен 22 беделді халықаралық ұйымының жалауы желбіреп тұр. Осы айтулы халықаралық ұйымның ішіндегі бірі де бірегейі Біріккен Ұлттар Ұйымы екендігі даусыз. Кеше жаһандық  көрме бағдарламасы аясында БҰҰ күні салтанатты жағдайда ашылды. 

– Біз бүгін аса маңызды да үлкен оқиғаның куәсі болып отырмыз. Елордамыз Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шын мәніндегі әлемдік оқиғаға айналды. Оның бір куәсі ретінде біз Біріккен Ұлттар Ұйымы күнінің ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Ақиқатында Қазақстан үшін БҰҰ – баламасы жоқ  бірегей ұйым. Сондықтан,  Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықты барынша арттыру мақсатына  басымдық беріп келді, алдағы уақытта да оны дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді БҰҰ күнінің ашылу салтанатына арналған алқалы жиында алғаш сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы  Қасым-Жомарт Тоқаев.  «Астана ЭКСПО-2017» халық­ара­лық мамандандырылған көрме­сіндегі БҰҰ-ның Бас комиссары Жи­хан Сұлтаноғлы әлемдік ұйым­ның атынан «Болашақтың энергиясы» ұранымен бүкіләлемдік көрме өткізіп отырған Қазақстанға шынайы алғысын жеткізді. «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Үкіметіне, көрмені ұйымдастырушыларға, барлық қазақстандықтарға және Астана қаласының тұрғындарына ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізгені үшін және оған қатысуға БҰҰ-ны шақырғаны үшін шексіз ризашылығын білдіреді. Сіздерді осы үлкен жобаларыңызды жүзеге асыруларыңызбен құттықтаймын!», − деді ол өз сөзінде.  Бас комиссардың айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің бас тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтудегі бастамаларымен,  энергетика, тұрақты даму саласында атқарып жатқан шараларымен және климаттың өзгеруіне қарсы қабылданған бағдарламаларымен тығыз үндестік тауып отырған көрінеді. «Электр жарығы ешқашан өшпейтін қолайлы үйлерде тұратын тұрғындар үшін  әлемде 1,3 млрд адамның  әлі күнге дейін электр энергиясын пайдалана алмай отырғандығын түсіну қиын. Бұл адамдардың неге қолы жетпей отырғандығын ойлап көріңіздерші? Көптеген бала тамақ пісіру үшін отын дайындау барысында мектепке бару мүмкіндігінен айырылған. Миллиондаған егінші суармалы егістіктің жұмысын жандандыратын электр энергиясының жоқтығынан қуаңшылық зардабын шегіп отыр», деді одан әрі Жихан Сұлтаноғлы.  Бас комиссар жиналған жұртты ЭКСПО-2017 қалашығындағы халықаралық ұйымдар павильонында орналасқан БҰҰ жәдігерлерімен танысуға шақырды. БҰҰ жәдігерлері халықаралық ұйымдар павильонындағы ауқымды алаңды алып жатыр. Мұнда жаһандық жылыну үрдісінің алдын алуға бағытталған тақырыптағы небір озық  идеялар көрініс тапқан.  Бұл жәдігерлер адамзатты Париж келісіміне сәйкес жаһандық жылыну деңгейін 1,5 градустан асырмауға үндейді. Бұл бүгінгі таңдағы барлық озық ойлы адамзаттың бас­ты парызы болуға тиіс.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,  «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ