• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2017

Түркиялық бауырлар қолдауы

331 рет
көрсетілді

Қазақстанның Түркиядағы ел­ші­лігінде түрік зиялы қау­ым өкілдері мен ха­лық­ара­лық ұйым­дар­дың басшылары Қазақ­­с­тан Президенті Н.Ә.На­зар­­ба­евтың «Бола­шақ­­қа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласын тал­қы­лады.

Елшілік тарапынан алғашқы рет ұйымдастырылып отырған «Түрік зиялыларының бас­қосуы» атты бұл жиынға Қазақ­станның Түркиядағы ел­шісі Абзал Сапарбекұлы, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Қазақстан-Түркия парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек, Түркияның бұ­рын­ғы Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек, Түркия Үкіметіне қарасты Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жоғары құрылымының басшысы Дерья Өрс, «Түркі ошақтары» ұйымының төрағасы Мехмет Өз, Қожа Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз, Ататүрік атындағы Мәде­ниет орталығы директорының орынба­сары Шабан Абак, Түркия Ғылым және әдебиет авторлары одағының төрағасы Мехмет Нұри Пармаксыз, Түркі әлемі жазушылары және өнерпаздары қорының президенті Яхия Акенгин, Еуразия Жаз­у­шылар қауымдастығының төра­ғасы Якуб Омароғлы, Түркі әле­мі сәулетшілері және инже­нер­лері одағының бас хатшысы Ілияс Де­м­иржи және «ЕкоЕуразия» қау­ымдастығының ғылыми кеңес мү­шесі Жан Үнвер қатысты. Жиынды ашқан елші А.Сапар­бек­ұлы Елбасы ұсын­ған «Бо­л­ашаққа бағдар: рухани жаңғ­ыру» атты мақаланың негізгі ба­ғыттары мен бағдар­ла­ма аясында атқа­рыл­ған жұмыс­тар туралы мәлімет берді.  Түркияның экс-министрі Н.К.Зейбек Қазақстанның ширек ға­сыр­да қол жет­кізген жетіс­тіктерін атап, Елбасы Н.Назар­баевпен болған кез­десу ту­ралы әңгімелеп берді. Әң­гіме барысында Елбасының Ата­түріктей көреген саясат жүргізіп отырғандығын, бағдарламада көте­ріл­ген мәселелердің қазіргі Түр­кия үшін де кө­кейкесті екендігін жә­не ла­тынға көшу бойынша Қазақстан Үкіметінің өте құптарлық саясатты ұс­танғандығын жеткізді.  Ал ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Қасей­і­­нов Қазақстан мен Түр­кия арасындағы мә­дени және гуманитарлық сала бойынша, сон­дай-ақ, аталған бағдарлама аясында ТҮРКСОЙ тарапынан атқарылып отырған жұмыстар туралы егжей-тегжей ақпарат беріп, мақалада көтерілген негізгі бағыттардың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркітілдес халықтарының ру­ха­ни жаңғыруына аса қажетті екендігін жет­кізді. Ал Қожа Ахмет Ясауи уни­вер­си­теті Өкі­летті кеңесінің тө­рағасы М.Йылдыз түр­кі әлемі­не ортақ уни­вер­ситеттің мүм­кіндігін пайдалана оты­рып, аталған мақа­ла­ның басты ба­ғыт­тарын жүзеге асыру бойынша жұ­мыс істеуге дайын екендігін айтып, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сынды нақтыланған бағдарламалармен қоса, күллі әлемді мойындатқан Ахмет Ясауи сынды ұлы тұлғаларды на­сихаттауға бағытталған іс-шара­лар­ды да көбейту керек екендігін жеткізді. Ататүрік атындағы Мә­де­ни­ет орталығы дирек­торының орын­ба­сары Ш.Абак аударма мәсе­ле­сі­не жүйелі түрде көңіл бөліп, ау­дар­машыларға қолдау көрсету ке­рек екендігін айтса, Түркия Ғы­лым және әде­биет авторлары ода­ғының төрағасы М.Н.Пармаксыз қа­лам­­гер­лердің қаламақы мәсе­лесінің шешілмей рухани жаңғыруға қол жеткізу мүм­кін емес екендігін атап өтті. Бұ­ған қоса, Түркі әлемі жазу­шы­лары және өнерпаздары қо­ры­ның президенті Я.Акенгин Ислам тарихының ең дамыған кезеңдері туралы мәлімет беріп, дамудың басты себебі ретінде аударма мәселесіне көңіл бөлінгендігін көрсетті. Сондай-ақ, ол аталған мақаланың түгел түркі жұрты үшін қажетті манифест екендігін қоса айтты. Өз кезегінде, Еуразия Жазу­шы­лар қауымдастығының төра­ға­сы Я.Омароғлы аталмыш бағ­дар­ламаның ХХІ ғасыр­дың олжа­сы және ру­хани жаң­ғы­рудан бұрын ұлттық рух­ты қайта қалыптастыратын үрдіс екендігін айтып, ру­ха­нияттың негізін қалап отырған әдебиет өкілдеріне қолдау көр­се­тудің қажеттілігін жет­кізді. Аударма мәселесіне тоқ­тал­ған Я.Омароғлы Түркия тә­жі­ри­бесіне сүйене отырып, шет тіл­ді меңгергендердің шет елдердің өкіл­дері емес, шеттегі өз ұлтыңның өкілі болу керек екендігіне назар аудар­ды. Аталған бағдарламаны жан-жақ­ты және шынайы жүзеге асырған жағ­дайда қазіргі таңда руханиятқа қау­іп төндірген радикализм мен лаң­кестікке қарсы күрестің бір түрі боларына сенім білдірді. Түркі әлемі сәулетшілері және ин­же­нер­лері одағының бас хатшысы І.Демиржи өз кезегінде Елбасының ұсынған бағ­дар­ла­ма­сының тұтас түркі әлеміне қажетті жол кар­тасы екендігін айтса, «ЕкоЕуразия» қауымдастығының ғылыми кеңес мүшесі Ж.Үнвер мақала­ны мүлде жаңа көзқарас деп си­пат­тады. Жиын соңында түрік зиялы қау­ым өкілдері бағдарламаның толы­ғымен жүзеге асуына ті­лек­те­с­тіктерін білдіріп,  Қазақ­­с­тан елші­лі­гі­не алғыс айтты. 

Дайындаған Жолдыбай БАЗАР,  «Егемен Қазақстан»