• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2017

Қытайлық туристер Димаш туып-өскен жерге келуді жоспарлап отыр

140 рет
көрсетілді

Қайталанбас даусымен және сүйкімді кескін-келбетімен жарты әлемдей көрінетін қытай жұртының үлкен-кішісін бірдей табындырып, тамсандырған қазақтың дарынды ұлы Димаш Құдайберген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің мәдени іс-шаралары аясында алдағы 27- маусым күні Астана қаласында «Бастау» атты шығармашылық кешін өткізбек. Оны көруге бірінші кезекте Қытайдан келген меймандар мен туристер шексіз де терең ықылас танытып отырған көрінеді.

Бұдан басқа Димаш өнеріне тәнті болып жүрген қытайлық азаматтар Ақтөбеге келіп, Димаштың туған топырағымен және туып-өскен шаңырағымен танысқысы келеді екен. Олардың мұндай жоспарлары жөнінде Egemen.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы айтып берді.

Осыған байланысты қазіргі күні өңірдегі туристік компаниялар арнайы туристік маршруттар ұйымдастыру қамында жүр. Сондай-ақ сала басшысының айтуынша бүгінде Димаштың кіндік кескен жеріне келгісі келетін шетелдіктер қатары көбейген. Олардың бәрі Қытай елінің азаматтары көрінеді. Концертке дейін және концерттен кейін Димаш туып-өскен өлкеге 2000-нан астам қытайлық азаматтар келеді деп күтілуде. Оларға агломерациялық аймақтың киелі де көрікті жерлерін көрсету үшін қосымша автокөлік бағыттары белгіленген.

Темір Құсайын,

"Егемен Қазақстан"

Ақтөбе