• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2017

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын жүзеге асыруға қоғам белсенділері атсалысады - Дәурен Абаев

179 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын қолдауға дайын қоғам белсенділерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Мен қоғамдық бастамасыз, тек мемлекеттік органдардың күшімен мұндай жобаны ұйымдастырудың мүмкін еместігін жақсы білемін. Сондықтан Махаббат Есен, Зинаида Пак, Павел Коктышев, Арман Нұрғазин және Ержан Бағдатовтармен бірге көпшілікке танымал емес перспективті азаматтарды іздеу және оларға қолдау таныту бойынша  азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды жолға қою туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, министр топтың әзірге «Бюро 100» деп аталғандығын айтады.