• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 15 Маусым, 2017

Төрт күн ішінде ЭКСПО-ны 88 мың адам аралады

167 рет
көрсетілді

Елордалық әкімдіктің ведомствоға бағынышты ұйымы - «Астана конвершн бюро» ЖШС-інің директоры Санияр Айтекенов ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің алғашқы үш күнінің нәтижесін жариялады. 

Оның айтуынша, көрме ашылған күннен 13 маусымға дейінгі аралықта көрмеге 88 мың 300 адам келген. Көші-қон полициясында 1970 қонақ келгендігі тіркелді. Өңірлерден көрмені тамашалауға 6 200 бала келді. Қонақүйлерге 27 мыңнан астам адам орналасқан. Қонақүйлер 81%-ға, хостелдер 25%-ға толған. Қоғамдық көліктер 2,6 млн жолаушы тасымалдаған.  Бұдан өзге, көрме аясында «жасыл» экономиканың дамуына инвестиция тартылды. «Қытай Қазақстандағы жел генераторлары парктеріне 70 миллиард теңге инвестиция құяды», - деп жазды Айтекенов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

«Қазатомпром» Ұлттық компаниясы мен әлемдік атом саласындағы жетекші компаниялар - Cameco Corporation, Uranium One Inc., CGN және AREVA - арасында өзара меморандум жасалды. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ және CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және ҚХР-ына газ экспорттау бойынша бірқатар келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ, тараптар 2017-2018 жылдарға «ҚазМұнайГаздың» Қытайға табиғи газ жеткізу мүмкіндіктерін талқылап, 5 миллиард шаршы метр көлеміндегі Қазақстан газын ҚХР-ына экспорттаудың сатып алу-сату шарттарына қол қойылды. «Экспо-2017 көрмесіне жұмсалған қаражат - 400 миллиард теңгеден асады (шамамен 1 млрд. 300 миллион доллар)», - деді Санияр Айтекенов.