• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Маусым, 2017

Ақтауда Олимпиада чемпионы Ә.Ниязымбетовке пәтер берілді

212 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Олимпиада ойныдарының екі дүркін күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетовке Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада күміс жүлдегер болуына орай Ақтау қаласындағы «Green Park» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Сондай-ақ, Әділбек пен оның жаттықтырушысы М.Жакиевке Toyota  автокөлігінің кілтін табыстады.  Пәтер Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тасырмасы негізінде берілсе, автокөлік жергілікті әкімдіктің сыйлығы. Олимпиадаға қатысқан тағы бір боксшы Б.Әбдірахмановқа 5 млн. теңгенің сертификаты берілді.

Маңғыстау облысының Спорт басқармасы Ә.Ниязымбетовтің құрметіне қазақы ою-өрнектермен нақышталып, балаларға арналып тігілген «Adok» спорттық киім үлгілерімен таныстырды. Қазақстандық бренд танылған аталмыш спорттық киім EXPO-2017 көрмесінде таныстырылатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар