• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2017

Гүлшара Әбдіқалықова Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикерімен кездесті

347 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Мария Коц бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады akorda.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының қазіргі ахуалын, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына 32 мың адамды қамтитын поляк диаспорасы өз үлесін қосып отырғанын айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова Польша тарапына «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, осы елдің баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.     

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

***

Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Қазақстанға «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы поляк диаспорасы күніне қатысу үшін келді.