• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Маусым, 2017

Сағынтаев АЭФ алаңында танымал сарапшы-экономистермен кездесті

90 рет
көрсетілді

Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ сарапшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, олардың қатарында экономист және жазушы Нассим Талеб, публицист әрі жазушы Джон Перкинс, Принстон университетінің тарих профессоры Харольд Джеймс бар, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, энергетикалық саясат, климаттық өзгерістер, адам капиталын дамыту мәселелері талқыланды. 

Бақытжан Сағынтаев сұхбаттасушыларға Форум жұмысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде сарапшылар экономиканы технологиялық жаңғырту, энергияның балама көздерін дамыту, білім беру саласындағы реформалар және т. б. бағыттар бойынша Қазақстан дамуында оң қарқынның байқалатынын атап өтті.