• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Маусым, 2017

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы түсіндірілді

111 рет
көрсетілді

Кеше Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру МӘМС жүйесін түсін­діру бойынша алқалы жиын өтті.

«Нұр Отан» партиясы арқылы тұрғындарға МӘМС жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу, халықтың құқықтық, ақпараттық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу, оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бас қосты. Алқалы мәжіліс бейнеконференция пішімінде өтті. Оған еліміздің 16 өңірін есепке алғанда 200-ден астам адам  қатысты. Кездесу барысында әлеуметтік медици­налық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты, яғни халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобы босатылатыны айтылды. Олардың қатарына балалар, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, «Ал­тын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, сон­дай-ақ I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер және басқа да санат­тағы жандар кіреді. – Жоспар бойынша бұл бағдарламамен ең бірінші медицина саласының қызмет­кер­лерін, екіншіден, жұмыс беруші тұлға­лар­дың негізгі міндеттерін жан-жақты тү­сін­діруден бастадық. Әрбір адам ХҚО-ға барып, қай статусқа жататынын білгені жөн. Әлеу­меттік жағдайы бойынша, жұмыс­сыз болса, тіркеліп, арнайы құжат алуды тиіс, – деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аман­жо­лова. Бүгінде  әрбір қазақстандық 2018 жыл­дың 1 қаңтарына дейін әлеуметтік меди­циналық сақтандыру  жүйесіндегі өз мәр­тебесін  белгілеп алуы керек. Сол кезде қиын­дыққа тап болған жағдайда кімнің кө­мегіне бірінші жүгіне алатындығы белгілі бо­лады.   – Осы жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны, оның қыр-сыры жайлы бұқара халықтың басым бөлігі хабарсыз екені белгілі болды. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясының бастамасымен халыққа түсіндіру бойынша 45 мыңнан астам жиын өткіздік. Оған 3 миллионнан астам халық қатысты. Сонымен қатар, арнайы кітапшалар да шығардық, – деді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов.