• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Білім 16 Маусым, 2017

Шекаралас өңірде оқудың ерекшелігі неде?

169 рет
көрсетілді

Әдеттегідей әкімдік отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды. Биыл ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Өңірде 10 тестілеу пункті жұмыс істейтін болады. Ата-аналар тестілеу барысын тікелей онлайн режімінде көре алады. Мектеп бітірушілерді тамақтандыруға және тұратын орнына қалалық, аудандық бюджеттерден 6,9 миллион теңге бөлініпті.

Облыстық білім басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, өткен жылы өңір бойынша ҰБТ-ға мектеп бітіретін 3601 түлектің 2564-і қатысыпты. Орташа балл 88,2-ні құраған. Ақтоғай, Павлодар, Шарбақты, Железин, Успен аудандарының түлектері төмен нәтиже көрсеткен болатын.  Ал, биыл ше? Биыл 11-сыныпты бітіретін өңірдегі 3738 оқушының 2676-сы немесе 71,5 пайызы тестілеуге қатысуға ниет білдіріп отыр. Негізі, ҰБТ-ны тек қана еліміздің жоғары оқу орындарына түскісі келетін түлектер ғана тапсыруға міндетті делінді. Осыны алға тартып ҰБТ-ға қатыспайтын түлектер қатары көбейе бастағандай. Мысалы, мек­теп­терінде бала саны аз Успен ауда­нында былтыр мектеп бітірген түлектердің 52 пайызы ғана ҰБТ-ға қатысқан. Оған не себеп?.. Аудан әкімі Сергей Саламацкийдің айтуынша, Успен ауда­ны Ресеймен шекаралас орналасқан. Мектеп бітірушілердің көбі көрші елдің жоғары оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан, олар үшін ҰБТ-ға қатысу маңызды емес екен. 

Фарида БЫҚАЙ,  «Егемен Қазақстан»

авлодар облысы