Румындық Брэила қаласында «Бүркіт» мамандандырылған кемесін іске қосу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады «Қазақтеңізкөлікфлоты» баспасөз қызметі.
«Кеме «Теңізшевройлды» кеңейту жобасы аясында тасымалданатын Құрық порты - Прорва порты (Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің солтүстік бөлігі) маршруты бойынша габаритті емес жүкті тасымалдау үшін жасалды», -делінген хабарламада.
2018 жылдан бастап 2021 жыл аралығында 3 жыл ішінде 75-ке жуық габариті емес үлгіні тасымалдау жоспарланған. «Бүркіт» ТШО кеңейту жобасы аясында 3 арнайы кеме жасау жоспарланған.
Бұл - екінші кеме. Оның алдында «Барыс» кемесі осы жылғы 12 мамырда суға жіберілді.