• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Маусым, 2017

Зарина Дияс ITF турнирінде топ жарды

88 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды.

Финалдық кездесуде ол сербиялық Александра Круничпен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. 24 жастағы сербиялық теннисші WTA рейтингінде 101-орында тұр. Ал 23 жастағы отандасымыз – 207-орында. Мәліметтерге сәйкес, жарыстың жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.

Айта кетейік, Зарина Дияс жартылай финалда жергілікті теннисші Наоми Брэдиді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Британдық спортшы рейтингте алтыншы орында келеді.