Ұлыбританияның мұсылмандар кеңесінің басшысы Харун Рашид Хан Туиттердегі пақаршасында жүргізушінің адамдарды қасақана қаққанын жазды. Оның айтуынша, оқиға мешітке жақын маңдағы Мұсылмандардың әлеуметтік көмек орталығының маңында болған.
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэй полиция бұл оқиғаны теракт ретінде қарастырып жатқанын айтып, төтенше жағдайлар комитетіне шұғыл хабарлама жіберді. Дегенмен, полиция CNN-ге әлі нақты мәлімет беруге ерте екенін айтты. Ал Guardian басылымы Лондонның антитеррористік қызметі оқиға орнына барып, зерттеу жұмыстарына көмек көрсетіп жатқанын жазды.
Бұл мешіт 2003 жылы жабылып, Ұлыбританияның мұсылмандар кеңесі 2005 жылы жаңа басшылықты бекіткен соң қайта ашылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты.