Қарағанды облысының тарихи оқиғаларға бай мекендері еліміздің киелі жерлер картасында белгіленуі мүмкін.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, бүгінде 40 нысан енетін тізім әзірленді.
« Бүгінгі таңда тізім анықталды, оның ішінде біздің олысымыздың 40-тан астам жері бар.Аталмыш тізім Республикаға жіберілді. Осы жазда, менің білуімше, Астанадан комиссия келеді, ол барлық аталған жерлерді аралап шығады, сонан соң олардың қайсысын картаға енгізу керектігін шешетін болады», - деді ол.
Қарағанды облысындағы қасиетті жерлердің тізіміне Жошы хан және Домбауыл кесенелері және Әулие тау енгені белгілі.
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің индустрия комитеті Қазақстанның киелі жерлерінің картасын құру бойынша жұмыстарды бастады.