• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Маусым, 2017

Полиция: «Лондонда көп қабатты үйдегі өрттен 79 адам қаза болды»

137 рет
көрсетілді

Лондон полициясының болжамынша, Grenfell Tower көп қабатты үйінде болған өрттен кемінде 79 адам қаза тапқан. Алайда, бұл деректе із-түссіз жоғалғандар да қоса қамтылып отыр, деп хабарлайды BBC-дің ресейлік қызметі.

Полиция қирандылар астынан із-түссіз жоғалғандар қатарына жатқызылған тағы бес адамның мәйіті табылғанын жеткізді.   

Құқық қорғаушылар өрттен қаза болғандар саны әлі де өзгеретініне сенімді. Олардың айтуынша, өртенген ғимарат ішінен адамдарды алып шығу операциясы кемінде бірнеше аптаға жалғасады.

Солтүстік Кенсингтон ауданында орналасқан 24 қабатты Grenfell Tower ғимаратындағы өрт маусымның 13-інен 14-іне қараған түні орын алды. Жергілікті билік өкілдері өрт кезінде ғимаратта 600-дей адам болуы мүмкін екенін алға тартады.

Апатпен күресуге 200-ге жуық өрт сөндіруші, 40 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.