• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Маусым, 2017

Джакартада қазақстандық-индонезиялық саяси консультациялары өтті

135 рет
көрсетілді

2017 жылғы 15-16 маусым аралығында Президенттің Арнайы өкілі – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Жакартада Индонезия басшылығымен кездесіп, қазақстандық-индонезиялық саяси консультацияларға қатысты.

Индонезия Республикасының вице-президенті Юсуф Калламен кездесу барысында А. Қамалдинов 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымының алғашқы саммитіне қатысуға Индонезия Президенті Жоко Видодоға арналған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатының түпнұсқасын табыстады. Бұл ретте, басты тақырыпқа қарамастан, саммитті өткізудің негізгі идеясы бейбіт пен жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ИЫҰ-дың барлық мүше-мемлекеттерін біріктіру болып табылатындығын айтты.

Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, вице-президент алдағы саммитті өте уақытылы және қажетті деп атады. Бұл ретте өңірдегі ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан жұмсап келе жатқан күш жігерлеріне Индонезияның қолдауын білдіріп, сондай-ақ терроризм, экстремизм және радикализм секілді жалпы сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы тұру үшін ислам әлемінің елдері бірігуге қажетті екендігіне ортақтасатындығын айтты. Шақыру хатты Индонезия Президентіне тапсыратындығына және алдағы саммитке оның қатысуын қамтамасыз ету үшін бар күш жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Арнайы өкіл Қазақстандағы соңғы маңызды іс-шаралар, әсіресе өткен ШЫҰ Саммиті мен жуырда ашылған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі жөнінде вице-президентті хабардар етті. Орайлы сәтті пайдалана отырып, индонезиялық тарапты көрмеге қатысуға шақырды. Көрме екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін тиімді платформа ретінде бола алатындығына назар аударды.

Саяси консультациялар барысында А. Қамалдинов пен индонезиялық делегациясының бпсшысы Сыртқы істер министрлігінің Азия – Тынық-мұхит өңірі бойынша бас директоры Д. Перчая саяси, экономика, инвестиция және әлеуметтік-мәдени салаларындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша бір топ мәселелер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жағдайы мен келешектерін талқылады. Консультациялардың қорытындысы бойынша делегация басшылары тиісті хаттамаға қол қойды.