• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Маусым, 2017

Сенаторлар ықпалдастықты нығайтады

85 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлағандай, жақын­да Қазақстан Сенатына Польша Сенаты Төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған осы елдің парламенттік делегациясы келді.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Польшаға алғыс айтты. Қазіргі кезде көрмеде баламалы энергетика мен жасыл экономика саласындағы әлемдік технологияның үздік үлгілері көрініс тапты.

С. Громов Варшава біздің еліміздің Еуропалық Одақтағы және Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Польша Президенті Анджей Дуданың биылғы қыркүйектегі Астанаға са­пары ынтымақтастықтың келе­шегі зор бағыттарын ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Қазақстан Сенаты Төрағасы­ның орынбасары біздің еліміз Парламенті жоғарғы пала­та­сының конституциялық өкілет­тіктерімен және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыт­тарымен меймандарды таныс­тырды.

Әңгіме барысында эко­но­ми­калық және гуманитарлық сала­лардағы екіжақты байла­ныс­тардың келешегі талқыланды. Кездесуге қатысушылар парла­ментаралық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.

Мария Коц біздің елдеріміз арасында қол жеткен өзара түсі­ністік деңгейін жоғары бағалады және Қазақстан мен Польша ара­сындағы парламентаралық үнқатысуды жалғастыру қажет­тігі туралы айтты.