• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2017

Құқық қорғаушылардың қазақ тіліне құрметі

143 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер депар­та­мен­тінде барлық жедел және аппараттық кеңестер, күн сайынғы таңғы сап жиыны мемлекеттік тілде өт­кізіліп, бүкіл құжат айналымы мемлекеттік тілде ғана өтеді.

Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бе­кітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарл­ам­а­сын» жүзеге асырудың бір көрінісі.

Полиция қызметкерлерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеру талабы көп жылдан бері жүйелі жүріп келеді. Департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі мамандары Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының қол­дауы­мен бірнеше мәрте жеделдете оқыту курстарын өт­кізген. Сөйтіп, 2013-2014 жылдары БҚО ІІД-нің 200-ге жуық полиция қызметкері «Қазтест» жүйесі бойынша сынақты сәтті тапсырды. 2015 жылы қараша айында өткен диагностикалық тестілеуге қатысқан 200-ден астам қызметкердің 80 пайызы жоғары деңгейге қол жеткізіп, сертификатқа ие болды.

Міне, жақында Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Ішкі істер департаментінде тіл үйрету курсы жаңа топты қабылдады. Сабақты Махамбет Өтеміс­ұлы атындағы БҚМУ-дің аға оқытушысы Индира Сұл­та­ниязова жүргізеді. Топ құрамында 32 адам оқып жатыр, оның 13-і украин, орыс, татар, ұйғыр се­кілді өзге этнос өкілдері. Сонымен бір­ге, орыс мек­тебін бітірген 19 қазақ орта деңгей бағ­дар­ламасы бойынша білім алуда.

­– Біздің қызметкерлер үшін «ҚазТест» сынағы би­ылғы желтоқсан айында болады. Оған департа­мент қызметкерлерінің 70 пайызы қамтылады, – дейді мемлекеттік тіл жөніндегі маман Жазира Кен­жеева.

Тіл сабақтары сұрақ-жауап стилінде ойын тү­рінде өтеді. Ал жалпысында Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде 158 өзге этнос өкілі бар, олардың 35%-ы қазірдің өзінде мемлекеттік тілде сөйлей алады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

ОРАЛ