• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Маусым, 2017

Түрмедегі қыз-келіншектердің өлеңдер жинағы жарық көрді

315 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында орналасқан  «ЕС-164/6» түзету мекемесінде 200-ге жүзге жуық қыз-келіншек жазаларын өтеп жатыр.  Тағдырдың жазуымен өмірдің түрлі қиындықтарын бастан кешірген нәзік жандылардың арасында өлең жазумен айналысатын таланттылары мен талаптылары аз емес.

Жуырда олардың жыр жолдары топтастырылып, «Өмірді бағалаңдар» деген атпен жарық көрді. Жинақтың шығуына Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және қалалық жастар ресурстары орталығы қолдау көрсетті.

Өмірі өкінішке толы жыр авторларының бірі – Татьяна Магомбьенованы сот   9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіпті.

«Шалыс басқаныма қазір бармақ тістеп, қатты өкінемін. Отбасыма оралуды, туған-туыстарыммен қауышуды асыға күтіп жүрмін. Сағынышты сезімдерімді ақ қағаз бетіне түсіру – әдетім», дейді ол.

Басқа авторлар да өз туындыларына өткенге деген өкінішті, кешірім өтінішті арқау еткен.

Бөлім басшысы Тамара Прокофьеваның айтуынша, өлең байқауларында жүлделі орын иеленген қыз-келіншектердің өлеңдері іріктеліп алыныпты.

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»