• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Маусым, 2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған сайт ашылады

264 рет
көрсетілді

Рухани жаңғыру мен қоғамдық келісімді нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында Астанада ҚХА Журналистер клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» атты кеңейтілген отырыс өтті.

«Этникалық масс-медиа журналистері өз басылымдары ның аудиториясымен шектеліп жатады. Олар осы мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас орнату үшін Орталық БАҚ-тың парақшалары мен эфирлеріне қатысуы керек. Жеке этникалық БАҚ жалпыұлттық тақырыптарды  насихаттауға қызығушылық танытпайды. Мәселен, 31 мамырда саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ескі алу күнінде БАҚ айтарлықтай белсенді болған жоқ. ҚХА ұранымен «Әскери болашақ естелігі» акциясы өтті. Бұл орайда көптеген этностар өз тарихымен бөлісулері керек. Журналистердің барлығы мұрағатпен тиімді жұмыс істей алмайды. Жақында Беларусь Президенті А.Лукашенко Елбасымызға сол кезге қатысты материалдарды табыстады», - деген Дархан Мыңбай Ақпарат және коммуникация министрлігін осы мәселеге жәрдемдесуін сұрады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрайымы Нұргүл Мауберлинова Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуында журналистер қауымының рөлі орасан екенін айта келіп, аталған ведомство осы мақсатта «Рухани жаңғыру» арнайы сайтты іске қосатынын мәлімдеді.

«Онда Елбасы мақаласында көрсетілген міндеттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар көпшілікке қолжетімді етіліп, Қазақстанның қасиетті жерлері мен туристік орындарынан бастап «100 жаңа тұлға» жобасы бойынша жетістікке жеткен жастардың өмір жолы туралы мәліметтер ұсынылады. Аталған сайт негізінен мәдени-ағарту бағытында жұмыс істейтін болады», - деді Нұргүл Мауберлинова.

Отырыс соңында этникааралық келісім тақырыбында қалам тербеген журналистерге ҚХА Журналистер клубының атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Айта кетейік, Клуб ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылды,. Ол  ҚХА жанындағы тұрақты консультативтік-сарапшылық алаң болып табылады. Клуб алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдарын, этно-мәдени ұйымдар мен блогерлерді біріктіріп отыр.

Бауыржан Мұқанов,

"Егемен Қазақстан"