Энергия көздерінің 73%-ы көмір өндірумен айналысатын стансалардан түсетін болса, 18%-ын газ өнеркәсібі қамтамасыз етіп отыр. Су электр стансалары тұтынылатын электр қуатының 8%-ын береді. Дөңгелек үстел барысында ұлттық компания өкілдері Энергетика министрінің орынбасарына сұрақтарын жолдап, бірқатар тақырыпты бірлесе талқылады. Осы орайда инвесторлардың қаржысын валюта бағамының тариф айырмасы бойынша қайтару мәселесі көтерілді.
- Егер қаржы құйылғаннан кейін жыл ішінде теңге бағамы 25%-дан асса, өзгеріс айырмашылығының 30%-ы тариф бойынша өтеледі. Мемлекет экономиканың долларсыздандыру саясатын жүргізе келе инвестицияларды тікелей қайтара алмайды. Бүгінде біздің инвесторларымыз бұл шарттармен жете таныс. Және әріптестікті жалғастырып жатыр, - деді Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев.