• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2017

Қазақстан – жаһандық саяси үдерістердің мейнстримі

504 рет
көрсетілді

Қазақстан озық технологиялармен астасқан ортақ коммуника­ция­ларды қалыптастыру ар­қылы жер жүзіне өзін жарқын көр­­сет­кіштерімен таныта білді. Әлем біздің бүгінге дейінгі же­тістіктерімізді және жаһандық даму үдерісіне қосқан үлесімізді мойын­дайды.

Қа­зақстан бүгінгі таңда әлемдік туристік кеңістіктің өзіндік орны бар бір бөлігіне айналды. Әлем назарына ұсынылған ЭКСПО-2017 көрмесі осы жолдағы жаңа қадам болып саналады. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген осынау табыстары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келе жатқан салиқалы саясатының негізінде мүм­кін болды. Бүгінгі Қазақстан кел­бетінен біз армандаған, біз қалаған болашақтың бейнесі анық көрінеді. Біздің еліміз ядролық қарусыз әлем құруды, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуды, әскери шығындарды әлеуметтік мақсаттарға жұмсауды, экстремизм мен терроризмге қарсы ымырасыз күресті, болашақ энергиясы саласындағы жаңа­шыл қадамдарды жақтай отырып, осы бағыттар бойынша келешекке арналған мақсат-міндеттерін нақтылай түсті.  Осылайша, еліміз болашақ әлемді құрылымдау үрдісінің белсенді қаты­сушысына айналды. Қазіргі таңда Қазақстан жаһандық саяси үде­рістердің мейнстримі болып табылады. Бұл сөзімізге дәлел ретінде әлемді толғандырған көптеген жаһан­дық проблемалардың түйінін шешу мақсатында ұйымдастырылған тарихи келіссөздердің Астанада өтуін айтуға болады. Мәселен, Иран ядро­лық бағдарламасына қатысты әлемдік түрлі көзқарастарды бір-біріне жақын­дастыруда, Сирия дағдарысын реттеуде Астана беделді әрі байсалды бейтарап алаң бола білді.  Қазақстан шынайы көзқарастар мен оң қалыптасқан үдерістерді өзара үйлестіріп отыр. Қазіргі таңда сын-қатерлер мен дағдарыстардан сақтануға бағытталған «Алдын алу дипломатиясы» ұранын бас­шылыққа алу маңызды. Бұл орайда көбіне әлеуметтік-экономикалық мәселелерге баса назар аударып, «бейбітшілік», «қауіпсіздік» және «даму» үштігінің ажырағысыз байланысы («Security-Development Nexus») қағидасын жан-жақты дамыту қажеттігі басымдыққа алынуда. Осы тұрғыда тұрақты даму мақсаттарын сәтті жүзеге асыру ма­ңызды мәселеге айналып келеді. Аталған бағыттағы әрекеттеріміздің барлығы Қазақстанның стратегиялық бағдарламалық құжаттарына сәй­кес келеді. Сонымен қатар, БҰҰ мақсат­тарымен және жаһандық ба­сымдықтармен сәтті үндестік табады.  Бүгінгі таңда еліміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ламалық мақаласында көрсетілген рухани жаңғырудың маңызды кезеңін бастан өткеріп жатыр. Сол себептен де мұндай ауқымды шараның Қазақстанның Үшінші жаңғыруының басталуы аясында өтуінің айрықша маңызы бар.  Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше­лігіміз жас мемлекетіміздің сыртқы саяси стратегиясын жүзеге асыру барысындағы ірі жеңісі болып табылады. Сонымен бірге, бұл – тәуелсіз еліміздің әлемдік аре­на­дағы сапалық жаңа мәртебесіне ие болуының айқын дәлелі.  Осы ретте біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысын жалпы­ұлттық жоба ретінде қарас­тырғанымыз жөн. Әсіресе, Қауіпсіздік Кеңесінің алаңын ядролық қару­сыздану мен таратпау жөніндегі өз ой-пікірімізді, бастамаларымызды ілгерілету үшін барынша пайдалануымыз қажет. Қазақстан КХДР жө­ніндегі комитеттің жұмысына да белсенді қатысуда. КХДР-дің ядро­лық-ракеталық бағдарламасы бүгінде бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ең елеулі сын-қатерлердің бірі болып отыр. Қорыта айтқанда, Қазақстанның тереңнен ойластырылған сыртқы саясаты, онда қамтылған басым бағыттар жаһандық үдерістерге, әлемдік ағыстарға оңтайлы, жағымды сипатта үн қосуда. Бұл бағытымыз еліміздің жетістіктерін еселеп, ел тәуелсіздігінің нығаюына оң ықпал ете беретін болады.