• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Маусым, 2017

Жабал Ерғалиев: «Әлем сүйсініп отырған Елбасыға құрмет бұл!»

676 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Астанадағы халықаралық әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуіне байланысты пікірін білдірді.

Біз барымызды бағалап, жеткен жетістігімізге шынайы қуана білуіміз керек. Әсіресе, ел Тәуелсіздігінің жиырма алты жылға жетер-жетпес кезеңіндегі Қазақстанның айдай әлемге танылуы және сол әлемді өзінің әлеуметтік-экономикалық, одан қалды саясаттағы ізгі қадамдарымен сүйсіндіріп отырғандығы, ең бастысы біздің халқымыздың мәртебесі.

Елбасы ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырына жетер-жетпес кезеңдерде  қазақ елін бір ғасырдың еншісіне де сыя қоймастай тарихи жолдан алып өтті.   Қазақ елі дүниенің төрт бұрышына ең әуелі Назарбаев есімімен, Назарбаев келбетімен танылды. Назарбаев қазақ елі үшін Әлемге, Ғарышқа, Болашаққа жол ашып берді! Бізді Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі биікке көтере білді.

Елбасының батыл да көреген саясатының арқасында Астана қаласы салынды. ХХ-шы ғасырдың соңғы он жылдығының дүниесi өзгерiп, саяси жүйесi әлi қалыптасып болмай жатқан өлiара тұста Қазақстан сияқты алып елдiң жаңа Астанасын жаңа орынға көшiрiп алып келiп, салғызудың өзi Нұрсұлтан Әбiшұлының ерлiкпен пара-пар тiптi, көзсiз батырлығы дейiкшi. Желмаямен желіп жүріп жер ұйығын іздеген Асанқайғы бабасындай тәуелсіз елі үшін ендігі жер ұйығын іздеген Нұрсұлтан Назарбаев Есілдің бойына ел қондырып, алғашқы қазығынан бастап өзі қағып, бүгінгі  айдынды да айбынды Ақордалы Астананы дүние әкелгендігі біздің, яғни қазақ елінің мәңгілік ел бола алатындығын дәлелдеп, осыған ең әуелі өз жұртының да, одан қалды дүние жұртының да көздерін жеткізіп, иландыра білген ұлылығы еді!

Астана – қасиетті қазақ жеріне жүрегіне сыйған тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп өз даласына қондырып, орнықтыра білген Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіндік бір әлемі!  Астана- елтәуелсіздігінің лүп-лүп соғып тұрған жүрегі емес пе?!  Астана- дөңгеленген дүниенің қазақ иеленіп отырған қасиетті  қазақ жеріне орнатылған әлемнің төрт бұрышынан да көзге түсіп, көрінер, алтын тұғырлы ең заңғар да, ең биік, ең абзал да, ең бір азбайтын да, тозбайтын мәңгілігінің мәңгілігі жолында мың өліп, мың тірілген қазақ үшін соғылған ұлы Ескерткіш!

Енді, міне сол Астана қаласындағы халықаралық әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілуі Елбасының тәуелсіз ел болуымызға сіңіріп келе жатқан өлшеусіз еңбегінің бағасы деп білемін. Өте дұрыс, өте жөн шешім жасалды. Бұл күндері Қазақстан Президентінің есімі мен адамзат мүддесі үшін жасап келе жатқан ізгі амалдарын бүкіл әлем халқы жақсы біледі. Әлем сүйсінеді! Ендеше сол әлем сүйсініп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтай өз перзентін құрметтеп, әуелетіп жатқандығымыз да біздің елдігіміз деп санаймын. Құтты болсын!