• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 22 Маусым, 2017

«Астана ырғағына» асығыңыз

203 рет
көрсетілді

9 шілде күні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында Астананың мәдени күндері ұйым­дастырылады.  Көрменің бас сахна – амфитеатрда елордалық шығармашылық ұжымдардың және барлық әртістердің қатысуымен «Астана ырғағы» («Ритмы Астаны») концерті өтеді.

Қазіргі заманғы музыка фестивалі аясында басты мәде­н­и оқиғалар, Астанада жасалған және оның танымдық белгі­сіне айналған ең жарқын шоулардан үзінділер көрсетіл­мек. Шара барысында заманауи эстрада өнері мен халық шы­ғармашылығы көпшілік назарына ұсынылады. Концертте диджейлер эстрадалық-симфониялық оркестрмен, фольклорлық ансамбльмен бірге композициялар орындайтын болады.

Асхат Райқұл «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар