«Бүгін мен өте қуаныштымын. Үш баланы жалғыз тәрбиелеп келсем де, сүйікті кәсібімнен қол үзген жоқпын. Көп жыл бойы пәтер жалдап келдім. Қолыма жайлы баспананың кілтін ұстатқанда өзімді керемет бақытты сезіндім», дейді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының инспекторы Ғалия Ыбыраева.
Баспаналы болу бақыты 80 полиция қызметкеріне бұйырды. Бұдан тысқары 11 тәртіп сақшысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы «Береке» ықшамауданында бой түзеген көп қабатты үйлерден пәтерлерге қол жеткізді.
«Өз мамандығының үздігі» атанған тәртіп сақшыларына қызметтік көліктің кілттері берілді.
Осы күні жұртшылық мұражай мен аллеяның ашылуына куә болды. Сонымен қатар, патрульдік қызмет жанынан әйелдер бөлімшесі құрылды.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»