• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 23 Маусым, 2017

Көрме жайлы пікір алмасты

182 рет
көрсетілді

Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті Төрағасының бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Фин парламентшісі Астана­да «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбы­мен өтіп жатқан халықаралық пар­ла­менттік конференцияға қатысуда.  Тараптар Қазақстан мен Фин­ляндия арасындағы ын­ты­мақ­тастықтың жоғары дең­­гей­де екендігін, оған мем­лекет басшыларының дос­тық қатынастары игі ықпал ететі­нін тілге тиек етті. Қазақстан-Финляндия серіктес­тіктері­нің келешекте де кеңейе беруіне жақында ғана елімізге келіп кеткен Финляндия Президенті Саули Нинистёнің сапарының нәтижесіне де байланысты. Н.Нығматулин мен М.Пек­каринен парламент­аралық өзара байланыстарды өркендету мәселесін де қозғады. Фин парламентшісі Астана­дағы ЭКСПО-ның жоғары дең­гейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Әрі осы көрмеден Қазақстанның әлем алдында абыройы көтері­ле түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, М.Пеккари­нен «жасыл» технологияны дамыту – дүние жүзінің алдында тұрған өзекті мәселе екендігін де атап өтті.