• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2017

Павлодар облысының әкімі Ресейдің бас консулымен кездесті

139 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Болат Бақауов Ресейдің Өскемендегі Бас консулына жаңадан тағайындалған Михаил Королевті қабылдады.

Кездесу барысында екі елдің маңызды стратегиялық серіктестер екені айтылды. Ресеймен бір жылдың тауар айналымы 1 млрд долларды құрайды. 2017 жылғы үш айдағы тауар айналымы өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда көбейгені айтылды.

«Ресей рублінің бағамына сай экспорттық тасымалдау да артып, бірлескен компаниялар біздің өңір нарығында жұмыс істеуде. Мысалы, «Giessenhaus» ЖШС,  арнайы экономикалық аймақта өңірге қажетті жобаны іске асырумен айналысады. Өңіріміз өсімдік және мал шаруашылықтарының өнімдерін де экспортқа, соның ішінде Ресейге де жіберіледі», деді облыс әкімі.

Ал бас консул Михаил Королев шекаралық өңірлер делегацияларымен іскерлік кездесулерді жиі өткізілетінен хабардар екенін айтып, алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастық  үшін ары қарай  да бірлесіп жұмыс істеу қажет екенін атап өтті.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»