«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО көрмесінде Израиль «Жасампаздық энергиясы» ұранын ту еткен. Бұл – израильдіктердің білімімен, креативті дағдыларымен және құштарлығымен үндескен «Болашақтың энергиясы». Қазіргі таңда Қазақстан мен Израиль медицина, агроөнеркәсіп кешені салаларында жоғары технологияларды пайдалану мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатқан. Болашақта қос мемлекет «жасыл энергетика» саласында ауқымды жобаларын жүзеге асырмақ. «Қазақ елі керемет жұмыс атқарды. Мен Қазақстан үкіметі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын осы идеяны жүзеге асыруымен құттықтаймын. Көрме аяқталған соң да ол көп уақытқа дейін естен шықпайтыны анық. ЭКСПО көптің аузынан түспейтіні хақ. Мен үшін израильдік делегациямен бірге көрмеге қатысудың өзі үлкен мәртебе», деді Израиль Сыртқы істер министрлігінің бас директоры Юваль Ротем. Салтанатты жиында қазақстандық Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толғанын айтты. Оның мәліметінше, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық сенім мен достыққа негізделген. «Қазіргі таңда «Болашақ энергиясы» – әлемдік деңгейдегі өзекті тақырып. Израиль – медицина мен инновациялық технологиялар саласында алдыңғы орында тұрған ел. Біз үшін осы саладағы Израиль тәжірибесі аса құнды және олардың бізбен тәжірибе алмасуға дайын болуы ерекше қуантады», деді ол. Израиль павильоны көрме аяқталғанға дейін қонақтарын түрлі мәдени шараларымен таңғалдырмақ.
ЭКСПО-2017
•
30 Маусым, 2017
Барабаншылар шеруі келушілерді баурады
355 рет
көрсетілді
Израиль мемлекеті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында ұлттық күнін атап өтті. Шара аясында израильдік әнші Aveva ән шырқап, әлемге әйгілі «King David Peace Drummers» барабаншылар тобының шеруі ұйымдастырылды.