• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Футбол 30 Маусым, 2017

Еуропа лигасы: «Қайрат» пен «Ертіс» жеңіп, «Ордабасы» жеңіліп қалды

172 рет
көрсетілді

Кеше қазақстандық футбол клубтары Еуропа лигасындағы алғашқы кездесулерін өткізді. «Қайрат» пен «Ертіс» жеңіске жетсе, өкінішке қарай «Ордабасы» клубы қарсыласынан жеңіліп қалды.

Қазақстандық клубтардан Еуродода бәсекесін бірінші болып павлодарлық «Ертіс» бастап берді. Бірінші айналымда болгариялық «Дунав» командасын өз алаңында қабылдаған керекуліктер 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голдың авторы павлодарлық клубқа жаңадан ауысып келген молдовалық шабуылшы Игорь Бугаев болды. Қарымта кездесу 6 шілдеде Болгарияда өтеді.

Ал, «Қайрат» клуыбы өз алаңында «Атлантас» командасын қабылдап, қарсыластар қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Алматының Орталық стадионында өткен ойынның 21-ші минутында Жерар Гоу есеп ашса, араға бес минут салып Андрей Аршавин пеналтиден гол соғып, есепті еселей түсті. 30-шы минутта алаңға шыққан Иво Иличевич, таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Бірінші тайм аяқталар тұста Аршавин өзінің екінші голын салды.  Екінші таймда Гоу мен Иличевич тағы бір-бір гол соғып, кездесуді қорытындылады. Жалпы есеп – 6:0. Айта кетейік, қарымта ойын 6 шілдеде Литвада өтеді.

Еуропа лигасына қатысып жатқан үшінші командамыз өкінішке қарай сырт алаңда жеңіліп қалды. Боснияның «Широкий Бриег» командасымен ойнаған шымкенттік «Ордабасы» клубы 2:0 есебімен қарсыластарына жол беріп қойды. Бірінші таймның 37-ші минутында қарсылас команданың футболшысы Иван Крстанович 11 метрлік айып соққысын сәтті орындаса, тайм аяқталар тұста шабуылшы дубль авторы атанды. «Ордабасы» мен «Широкий Бриег» арасындағы қарымта кездесу 6 шілде күні Алматының орталық стадионында өтеді.