• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімі Канаданың елшісімен кездесті

96 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайл мырзамен кездесіп, екі тарап арасындағы әңгіме тауар айналымын ұлғайту, ауыл шаруашылығы саласындағы қарым-қатынасты жетілдіру мәселелеріне арналды.

«Екі елдің аймақтық орналасуында, табиғат жағдайында ұқсастықтар аз емес. Біздің өңір де сіздердікі секілді егін өсіруге, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Өзара тиімді әріптестік қарым-қатынасты одан әрі жетілдіруге нығайтуға дайынбыз», – деді Құмар Іргебайұлы.

Өз кезегінде Шон Стайл басқа да салалар бойынша бірлесе еңбек етуге мүдделілік білдірді.

Облыс 60-тан астам шетел мемлекетімен тығыз қарым-қатынас орнатса, солардың бірі – Канада. Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлері бұл елден ауыл шаруашылығы техникалары мен асылтұқымды қара мал сатып алуда. Бүгінде 400-ге жуық “Buhler Versatile” тракторы, 145 “Bourgault” және 100 “Morris Maxim” егіс кешендері, 25 “Honeybee” жаткалары жеткізілген.

Кездесуде ауыл шаруашылығына инвестиция салу мүмкіндіктері де қамтылды.

Шон Стайл мырза солтүстікқазақстандықтарды қараша айында Канаданың Саскачеван қаласында өткізіліп тұратын дәстүрлі ауыл шаруашылығы техникасының көрмесіне қатысуға шақырды.

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы.