• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 02 Шілде, 2017

«Қазақстан барысы-2017»: Ағайынды Ұлан Рысқұл мен Руслан Әбдіразақов бір-бірімен ширек финалда кездеседі

466 рет
көрсетілді

Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы-2017» турнирі өтіп жатыр.

Турнирдің ширек финалында осы жарысқа қатысып жатқан ағайынды балуандар Ұлан Рысқұл мен Руслан Әбдіразақов белдесетін болды. 2011 жылғы "Барыс" Ұлан Рысқұл екінші айналымда оңтүстікқазақстандық балуан Әділжан Ыстыбаевті ұтса, Руслан Әбдіразақов биылғы бәсекенің ең ауыр балуаны саналған маңғыстаулық Кенжебек Күзембаевты ұтқан болатын.

Осы турнир алдында біз Ұлан Рысқұлмен тілдескенде ол інісі Русланмен кездесіп жатса, барын салып күресетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға күміс және қола белбеу беріледі. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал үшінші орын иеленген балуанға бір миллион 800 мың, бапкеріне 900 мың теңге. Екінші орынға бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың. Бірінші орын иеленген балуанға 25 миллион теңге, бапкеріне үш миллион 500 мың теңге табысталады.