Жартылай финалдық бәсекеде биылғы "Әскер барысы" Еламан Ерғалиев турнирдің алғашқы финалисі атанды. Ол жартылай финалда атыраулық Арман Қалиевті ұтты. Еламан финалда Ұлан Рысқұл мен Айбек Нұғымаров жұбының жеңімпазымен белдеседі.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға күміс және қола белбеу беріледі. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіске 100 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Ал үшінші орын иеленген балуанға бір миллион 800 мың, бапкеріне 900 мың теңге. Екінші орынға бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың. Бірінші орын иеленген балуанға 25 миллион теңге, бапкеріне үш миллион 500 мың теңге табысталады.