• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2017

Қостанай облыстық дене шынықтыру басқармасының басшысы ауысты

253 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Мұрат Кинтонов тағайындалды, деп хабарлайды alau.kz.

Мұрат Кинтонов Қостанай облысының тумасы, ұзақ жылдар бойы Арқалықта еңбек еткен. Дзюдо жаттықтырушысы, Арқалық қаласы әкімінің кеңесшісі болған. Соңғы уақытта Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық құрама командасының басшысы болып жұмыс істеген.