• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Білім 04 Шілде, 2017

Жемісті 20 жыл

269 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша республикалық форум болып өтті. Жиынға республиканың білім беру ұйымдары мен колледж оқытушылары және жоғары оқу орындарының ректорлары мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ театр директорлары, суретшілер қатысты.

Алдымен форумды ашқан Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева «Бөбек» орталығының 20 жылдың ішін­де жеткен жетістіктері мен бағын­дыр­ған белестерінің ма­ңыз­ды­лығына тоқталды.  – «Бөбек» орталығы десе жы­лылық пен мейірімнің ордасы көз алдымызға елестейді. Тәуелсіз еліміздің кемел болашағы үшін «Бөбек» орталығының атқарған жұ­мысының қаншалықты ма­ңыз­ды болғанын сіздер біле­сіз­­дер. «Бөбектің» өсу, то­лы­су, қалыптасу си­яқ­­ты ке­зең­­дерінің бәрі Сара Алпыс­қы­­­зының айрықша еңбегінің ар­қа­сын­да іске асырылып отыр. 20 жыл «Бөбек» үшін табыс пен мей­ірімге толы нәтижелі жыл бол­ғаны баршамызға мәлім, – деді Эльмира Амангелдіқызы.  Мерейлі жиын барысында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігі мол азамат ретінде қа­лыптасуына ерен ең­бек сіңіріп келе жатқан «Бөбек» қо­ры­ның төрайымы Сара Алпысқызы сөз алып, тағылымды да, тәрбиелік ма­ңы­зы зор игілікті шара жайында әңгі­ме­ні әрі­ден бастады. – Қашаннан осы бір ізгілікті істі қол­ға алғандағы басты мақсатымыз – бала бойына рухани-адамгершілік қасиетті сіңіру болған еді. Өздеріңіз бі­ле­сіздер, біз, кішкене ке­зімізден «жетім жыласа, жер-ана күңіренеді» деген сөзді ата-әжемізден естіп өстік. Алланың маңдайыма жазғаны болар, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жолға қойып, іске асырдық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өте қиын болғаны елдің жадынан шыға қоймаған болар, жетім балаларды аялап, қамқорлыққа алу керек болды, – дей келе, Сара Алпысқызы осы ізгілік жолында жан дүниесі адами қасиетке толы жан­дармен бірге келе жатқанын айт­ып, тәрбие, денсаулық, білім бе­ру сияқты бала жанына, жал­пы адам баласына керекті қа­жет­тіліктер туралы ай­тып өтті. Форумда сондай-ақ Алматы қала­сы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөз сөйлеп, осы уақыт ішінде орталықтың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде және олардың тұлға болып қалыптасуына қосып отырған үлесіне тоқталса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің ректоры Ғалымхайыр Мұтанов пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев, мәдениет қайраткері, профессор Құрман Мұратаев, суретші, доцент Шолпан Әбілғазықызы және «Хабар» агенттігі «Өзін-өзі тану» бағ­­дарламасының продюсері Рита Кен­жа­л­ы­қызы, «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Баймұқанқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрайымы Гүлназ Кен­жетайқызы, «Отбасы және от­ба­сылық құнды­лық­тарды қолдау бойын­ша қазақ­стан­дық ата-аналардың қауым­дас­тығы» республикалық қо­ғамдық бірлестік жетекшісі Әмина Жомартқызы, Алматы қаласы бой­ын­ша Қазақстан мұсылмандары ді­ни басқар­ма­сының қызметкері Әли Бауыржанұлы, Алматы рухани семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры, дін қызметшісі Иоанн Ливинский, ҚХА-ның мүшесі, рес­пуб­ликалық мемлекеттік ака­де­­миялық корей музыкалық ко­ме­дия театрының директоры Любовь Ни «Өзін-өзі та­ну» рухани-адамгершілік білім беру бағ­дарламасының ерек­шелігіне тоқталып, бұл пәннің адам­ның өзін-өзі тануы мен қор­шаған әлемге жағымды әсері туралы пікір алмасып, Сара Алпысқызына алғыстарын білдірді.  Форум қонақтарына «Бөбек» ор­та­лығының 20 жылдығына арналған бей­­неролик көр­се­тілді. Отбасы, отба­сы­лық құн­ды­лық­та­ры туралы келелі ойларымен бөлісті. 

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Алматы