• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 05 Шілде, 2017

Көрме таңғажайыптары теміржолшылардың балаларын тамсантты

136 рет
көрсетілді

Теміржолшылардың 500-ге жуық ұл-қызы жазғы демалыс кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалайды. Балалардың алғашқы тобы Семей жол бөлімшесінен келді. Оқушылардың құрамында оқу озаттары мен қалалық, облыстық олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары, сондай-ақ, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары бар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қарамағындағы 14 темір жол бө­лім­шесінің балалары екі күнде Тұң­ғыш Президент мұражайын, Ұлт­тық мұ­ражайды, «Думан» ойын-сауық ор­та­лығын көріп, танысады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас­шы­лығы мен кә­сіподақ ұйымының бас­та­ма­сы­мен қол­ға алынған бұл шара ая­сын­да жет­кіншектер ЭКСПО-2017 ха­лық­арал­ық көрмесін топ-тобымен та­мыз­дың ортасына дейін тамашалай­ды.  «Астанаға қыдырып келіп, көңіл көкжиектерін кеңейтіп қайту – бала­лар­дың естерінде көпке дейін қалып қоя­ды. Олар өз көздерімен әлем на­за­р­ындағы көрмеге барып, заманауи дүниелерді көздерімен көреді. «Бо­ла­шақ­тың энергиясы» тақырыбы бойын­ша талай қызықты жобалармен танысып, ой түйеді. «Қазақстан темір жо­лы» экспозициясымен танысады», дей­ді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кә­сіп­одақ филиалының төрағасы Ермек Тө­легенов. Семейден келген жас туристің бірі Бекжан Рақымжанов сапар ба­ры­сын­дағы жүрекжарды лебі­зі­мен бы­лай бөлісті: «Менің әкем – темір­жол­шы – вагон қараушы. Мен темір жол са­ла­сының басшылығына осындай сапары­мызды ұйымдастырғандары үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Астананы, мұндай халықаралық көр­ме­ні біз теледидардан көріп, естіп қа­на жүр едік. Сондай-ақ, отандық теміржолдың мұражайында болу да қызық. салаға еңбек сіңірген адамдар тура­лы көп мәліметтер білдік», дейді жас балғын.

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ,  суреттерді түсіргендер Ерлан Омаров, Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»